Түркістан облысы

Түркістан облысында табылған үш туристі құтқару сәтінен видео жарияланды

Экспресс К

Бейнеден кадр

Туристерді құтқару сәтінен видео. Табылған үш турист эвакуацияланды.

Олардың хал-жағдайы жақсы, медициналық көмекке мұқтаж емес. Екеуі 1999 жылы және біреуі 2000 жылы туған. Олардың айтуынша үш күн бұрын кері қайтып келе жатқанда, екі топқа бөлініп кеткен. Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері оларды ата-анасына табыстады. Қалған туристерді іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, бүған дейін Төлеби ауданындағы "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарланған болатын. 21 мамырда туристер "Сары-Айғыр" шатқалына жаяу бет алған. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге оралуы керек еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров