Астана

«Астана LRT» ісі. Сот кінәлілерді 7-10 жылдан бас бостандықтарынан айырды.

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қажымұхан Мекемтас көпшілік назарына іліккен қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Нұр-Сұлтан қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы бастығы Рашид Аманжолов жазаны ішінара қосу арқылы қатаң режимдегі қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде 10 жылын өтейді. Жазасын өтеп болған соң 5 жыл ішінде мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Ал, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы Жанат Нұрпейісов орта қауіпсіз колонияда жазасын өтеу үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ол да шыққаннан кейін бес жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Сонымен қатар, ол — "Құрмет" және "Парасат" ордендері мемлекеттік наградалардан айырылды.

"Алатау-Сәулет" мердігерінің бұрынғы директоры Ұлықбек Ачиловқа қылмыстарды үйлестіргені үшін орташа қауіпсіздіктегі мекемеде жазасын 8 жыл өтеу үкімі кесілді.

Тағы бір мердігер компания өкілі ретінде жауапқа тартылған Дәурен Әбдіхамитов жазасын 8 жыл орташа қауіпсіз колонияда өтейді. Одан қылмыстық жолмен алған мүліктер тәркіленді, атап айтқанда, Mercedes S-сыныпты автокөлік және 15,7 млн.теңге сомасында қаражат.

"NPF Geobur" ЖШС-нің бұрынғы директоры Тимур Касабаев 8 жылға, "Rimtex" ЖШС экс-директоры Дулат Мусенов 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Astana Innovations" АҚ экс-басқарма төрағасы Талғат Әшім 7 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады. Және жазасын өтеп шыққаннан кейін үш жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Сондай-ақ, сот "Астана LRT" ЖШС-нің 5,8 миллиард теңге мөлшеріндегі азаматтық талаптарын қанағаттандырды. Көрсетілген сома сотталған азаматтардан үлестік негізде өндіріп алынады. Осылайша, шулы оқиға соңғы нүктені судя осылай қойды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкімдігінде өткен жиында тергеу жұмысын жеделдетуді тапсырған болатын. Нәтижесінде тергеу 2020 жылдың басында аяқталып, іс сотқа өткен жылдың 2 қазанында берілді. Оның барысында 10-нан аса адамның қылмысқа қатысы тексеріліп, үш адамға іздеу жарияланған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров