Қазақстан

«Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» жинағы таныстырылды

Экспресс К

© Сенаттың баспасөз қызметі

Бүгін Сенат үйінде «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» атты үш томдық жинақтың таныстырылымы өтті-деп хабарлайды Экспресс К. тілшісі.

Биыл 1921-1922 жылдардағы ашаршылыққа 100 жыл, ал отызыншы жылдардағы екінші кезеңіне 90 жыл толып отыр.

© Сенаттың баспасөз қызметі© Сенаттың баспасөз қызметі
© Сенаттың баспасөз қызметі

Шарада сөз алған Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл жинақтың ұлт тарихын түгендеу жолында маңызы зор екеніне тоқталды. Ол өз сөзінде, Кеңес үкіметі тұсында ашаршылыққа қатысты құжаттар мен деректер мемлекеттік құпия саналып, ғалымдар үшін қолжетімсіз болғанын атап өтті.

Сенатор Нұртөре Жүсіп болса, бұл жұмыстардың Мемлекет басшысының аштық тақырыбын зерттеу, тарихи мәліметтер мен құжаттарды жинақтау туралы тапсырмасы екенін айтты.

Өз кезегінде кітаптың жауапты редакторы, белгілі ғалым, тарихшы, Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы, "Біз ашаршылықтың себептері мен трагедиялық салдары туралы бұрын жарияланған және осыған дейін еш жерде жарық көрмеген материалдарды салыстыра отырып, талдау жүргіздік. Соның арқасында республикалық, өңірлік және шет елдердегі архивтерде сақталған деректердің ауқымды қорын жасақтадық" — деді.

Жинақта тіпті Абайдың ұлы Тұрағұлдың да "Мен қазір орта шаруадағы адаммын. Бұйрық бойынша байларды қудалауға 350 бас малы бар адамдар ілінуі керек. Менің 16 ғана бас малым бар. Мен тіпті орта шаруа қатарына да жатпаймын" деген жанайқайлары бар.

Еске сала кетсек елімізде 31-мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров