Алматы

Жыл соңына дейін тағы екі метро бекет іске қосылады

Экспресс К

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Сарыарқа» және «Достық» метро бекеттерінің құрылыс жағдайы бойынша көшпелі жұмыс кеңесін өткізді. Бүгінгі таңда бекеттердегі абаттандыру, жолдар төсеу және тоннелдерді ұңғылау жұмыстары жүруде. Құрылыс жағдайымен танысқан мегаполис басшысы, туындаған мәселелерді жедел шешуді және тек қала ғана емес, еліміз үшін де маңызы ауқымды құрылысты аяқтау үшін күш-жігерді біріктіруді тапсырды, деп хабарлайды "Экспресс К" Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің баспасөз қызметіӘкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі

Өз кезегінде мердігер компания өкілдері екінші бастау кешенінің техникалық іске қосылуы мен екі бекеттің пайдалануға берілуі жыл соңына дейін жоспарланғанын мәлімдеді."

Жобаның жалпы 80%-ға жуық бөлігі дайын.

Бүгінде "Сарыарқа" бекетінде әрлеу, абаттандыру және инженерлік желілерді төсеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бекет "терең қазылған" түрге жатады, пилон типті және бір вестибюлден және екі кіреберістен тұрады. Бекетте 2 лифт және 8 эскалатор жолаушыларға қызмет көрсетеді. Екінші

"Достық" бекетінде де әрлеу, абаттандыру және инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Бекет таяз қазылған бағаналы типті, мұнда екі вестибюль мен алты кіру есіктері болады.

Мамандардың есептеуінше, екі бекеттің құрылысы толық аяқталып іске қосылғанда күнделікті жолаушылар ағыны шамамен 85 мың адамды құрайтын болады. Осылайша, метрополитендегі жолаушылар тасымалының көлемі едәуір артады. Сәйкесінше Абай даңғылының жүктемесі айтарлықтай азаяды."

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров