Қазақстан

ӘЧ: Қазақстан құрамасы Канадаға есе жіберді

Экспресс К

wc2021.ligasy.kz / © Ольга БУГАЕВА

Еліміздің құрамасы Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгінгі кездесуін Канадамен өткізді, деп хабарлайды "Экспресс К" ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Екі құрама бұған дейін аталған турнирде екі мәрте кездескен. Алайда, екеуінде де қанадалық хоккейшілер жеңіске жетті. Дегенмен, бүгін Қазақстандық хоккейшілер соған өзгеріс енгізуге барынша тырысып бақты деп айтуға болады.

wc2021.ligasy.kz / © Ольга БУГАЕВАwc2021.ligasy.kz / © Ольга БУГАЕВА
wc2021.ligasy.kz / © Ольга БУГАЕВА

Есепті канадалық хоккейшілер ашты. Ойынның 6-минутында канадалық Эндрю Манджапане алғашқы шайбаны соқса, 21-минутта Оуэн Пауэр есепті үстемеледі.

Ал қазақстандық Никита Михайлис 24 және 41-минуттарда екі рет мергендік танытып, таразы басын теңестірді.

wc2021.ligasy.kz / © Ольга БУГАЕВАwc2021.ligasy.kz / © Ольга БУГАЕВА
wc2021.ligasy.kz / © Ольга БУГАЕВА

Одан кейін канадалық хоккейшілер құрамынан Коул Перфетти 47, Коннор Браун 59-минуттарда гол соғып, жеңісті тағы да жұлып кетті.

Қорытындысында Қазақстан құрамасы қарсыласына 2:4 есебімен есе жіберді.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы осы чемпионатта бұған дейін төрт кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жетті.

Алдымен буллиттен Латвиядан 2:1, Финляндиядан 3:2 есебімен басым түссе, одан кейін АҚШ-қа 0:3 есебімен есе жіберді. Төртінші кездесуде Германияны 3:2 есебімен тізе бүктірген болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров