Жетісайлық қарбыздар Ресейге жөнелтілуде

Экспресс К

pixabay.com

Түркістан облысының диқандары Ресейге қарбыз экспорттауды бастады – деп хабарлайды «Экспресс К».

Жетісай ауданы "Қоғалы" ауылының диқаны Леонид Шин өз иелігіндегі 2 гектар жерден 25 тонна өнім алған. Пленка астындағы ерте пісетін қарбыз еккен ол жиын-терім жасап, өнімді Ресей Федерациясына жөнелтуді бастап кеткен.

Наурыз айының басында 55 күнде пісетін "Виктория" атты қарбыз сортын екі қабат пленка астына ектім. Ауа райы қолайсыз болған кезде аздап уайымдадым. Сәтін салып, барлығы ойдағыдай болды. Биылғы баға да көңілімнен шықты.

дейді шаруа.

Биыл осы Жетісай ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында 78 500 гектар аумаққа егіс егу жоспарланған. Соның 22 мың гектарына бақша дақылдары егілген. Оның ішінде, пленка астына егу тәсілімен 14 378 гектарға қауын, ал, 4 900 гектарға қарбыз егілген. Қазіргі таңда 50 гектарға егілген қарбыз бен 15 гектардағы қауын пісуге жақын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров