Аттракционнан құлап қаза болды

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Оқиға Шымкент қаласындағы демалыс саябақтарының бірінде болған, деп хабарлайды "Экспресс К" BAQ.KZ.-ке сілтеме жасап.

17 жастағы жас жігіт жақында мектеп бітіріп, аттракцион орналасқан сол саябақта жұмыс істеп жүрген. Куәгерлердің айтуынша ол металл конструкцияның жоғарғы бөлігіне шығып, бірден төменге құлап кеткен. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенге дейін марқұм жан тапсырып үлгерген.

Қазіргі уақытта аттракцион аймағы толықтай уақытша жабылған. Оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін, Полиция қызметкерлері тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров