Ақтау

Ақтау халықаралық әуежайы 7 маусымнан бастап «Ashyq» жобасына қосылады

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Маңғыстау облысы бойынша «Ashyq» жобасына қазірдің өзінде 286 кәсіпорын қатысып жатыр. Олардың 258 ресми түрде жобаға қосылған, тағы 28 кәсіпорын әзірлік бағытта жұмыс істеп жатыр деп хабарлайды "Экспресс К" Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығының мәліметіне сүйене отырып.

Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаева 28 мамырға дейін тағы 10 кәсіпорын қосылғандығын мәлім етті.

Ал облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аққу Айтжанныңайтуынша "Ashyq" жобасына Ұлттық гвардия құрамына қарасты әскери бөлімдер, мәдени-демалыс қызметін көрсетуші кешендер мен "Каспий" футбол клубыда қатыспақ ниетте екен. Сонымен қатар 22 мамырдағы № 22 қаулыға сәйкес "Ashyq" жобасына жергілікті лото клубтарда қосылады.

Сондай-ақ аталған жобаға енді еліміз бойынша Шымкент, Қостанай және Түркістан халықаралық әуежайларыда қосылады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров