Қазақстан

«Арқарлы» петроглифтері мемлекет қорғауында

Экспресс К

Нұр-Сұлтан. «Экспресс К». «Арқарлы» тауларындағы петроглифтерді сақтау мәселесі құзырлы мемлекеттік мекемелердің жіті бақылауында. Мәжіліс депутаттарының бұл турасындағы сауалына Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді.

Қаперлеріңізге салайық аталған тарихи құнды петрглифтер Алматы облысы, Кербұлақ ауданы аймағындағы Арқарлы асуынан табылған болатын. Жергілікті тұрғындардың көп жылғы өтініштері ескеріліп енді бұл петроглифтерді сақтау-қорғау мәселесі уәкілетті мемлекеттік органдардың бақылауына алынды.

Қазір аталған мәселе бойынша нақты іс-шаралар қолға алынып жатыр. Солардың ең маңыздысы "Арқарлы" асуында қиыршық тас өндіруші компаниялар иемденіп алған жерлердің ішіндегіархеологиялық ескерткіштер орналасқан аумақтар мемлекет меншігіне қайтарылады.

Ералы Тоғжанов "Арқарлы петроглифтерінің заңнамада белгіленген тәртіппен мәртебесі анықталғанға дейін олар тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілді", -деп мәлімдеді.

Өйткені "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңына сәйкес петроглифтердің мәртебесі анықталып, түпкілікті шешім қабылданғанға дейін олар тарих және мәдениет ескерткіштерімен бірдей қорғауға алынып, арнайы тақтайшалар мен белгілер қойылды.

Алматы облыстық әкімдігі мен Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтынының мамандары Арқарлы петроглифтеріне жүргізген зерттеу жұмыстарын аяқтады. Енді сараптама қорытындысына сәйкес аталған тарихи-мәдени мұрамызға құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп, облыстық бюджеттен қаржы бөлу мәселелері қарастырылады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров