Туристерді іздеуге жүздеген адам жұмылдырылды


ТЖД
«Экспресс К» тілшілеріне– Бүгін іздеу жұмыстары тау басындағы өгем өзенінің жағалауы маңында жүргізіліп жатыр,- деп хабарлады альпинистік тәлімгер Тарас Моисеев. Сондай-ақ Төлеби ауданынан құрылған құтқарушылар тобы таубасында орналасқан «Лесхоз» елдімекеніне жіберілген. Кеше жоғалғандардың 3-еуі сарқырама маңынан табылды.
Ал олардың қасындағы жолдастарының қайда екендігі әлі белгісіз.
Құтқарылғандардың айтуынша олар екі топқа бөлініп, қалған 4-еуі өз беттерінше көмек іздеуге кеткен,-деп хабарлайды Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Мамандардың пайымдауынша олар өз күштерімен таудан төмен түсе алмай қалуы мүмкін.
Бүгін оларды іздестіруге 2 ұшақ жұмылдырылып,аумақты шарлап шықты. Құтқарушылардың құрамына кәсіби альпинистер, орманшылар, аңшылар мен еріктілерде қосылған. Өкінішке қарай әзірге қуантарлық нәтиже болмай тұр. Дегенмен үмітте жоқ емес. Кеше табылған 3-еуінің айтуынша, қалған 4 туристің өздерімен бірге бірнеше күнге жететін азық-түлік қоры мен жылы киімдері болған. Естеріңізге сала кетсек, бірнеше күн бұрын жеті адамнан құралған туристік топ Өгем-Сайрам шатқалдарына туристік сапарға шығып адасып кеткен болатын.