Ақтөбе

Ақтөбелік тұрғын 256 қорап шай ұрлаған

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Сауда ұйымының 52 жастағы өкілі полицияға затының ұрланғаны туралы шағымданған. Базар аумағында орналасқан контейнерден 256 қорап шай жоғалған, деп хабарлайды "Экспресс К".

Жедел уәкілдер бақылау камераларының жазбасы арқылы 39 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді.

Күдікті шайды ұрлағанын мойындады және сатушының жоқтығын пайдаланып, екі күн ішінде бірнеше қорап шайды еркін тасыған. Ұрланған шайды сатып жіберген. Келтірілген шығын сомасы- 105 мың теңге.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Осы баптың санкциясы бойынша күдікті бес жылға дейін бас бостадығынан айрылуы мүмкін.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров