Астана

Халықаралық іздеуде жүрген әйел Санкт-Петербургте ұсталды

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Ұсталған күдіктіге 2019 жылғы қазан айында, сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және талан-таражға салу айыбы тағылған болатын. Оған халықаралық іздеу жарияланған болатын, -деп хабарлайды "Экспресс К" Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметіне сүйеніп.

Ол Елордадағы "Талисман" көппәтерлі үйдің құрылысы үшін "Жеңіс Астана Премиум" тұрғын үй құрылыс кооперативін құрған. Сөйтіп құрылысты жүргізу мақсатында тұрғын үй кооперативіне үлескер ретінде кірген жаңа мүшелерінен қаржы жинай бастаған. Соңында жиналған 2 млрд. теңгені өзі иемденіп, Ресей мемлекетіне бой тасалап кеткен. Қалалық полиция Департаменті қызметкерлерінің дерегі бойынша "39 жастағы күдікті азаматша, полициядан жасырыну үшін Ресейдің әртүрлі аймағында тұрғылықты жерін үнемі ауыстырып отырған. Бет-әлпетін өзгертіп, жалдамалы пәтерлерде тұрған. Өзінің туыстарымен сенімді адамдар арқылы ғана байланысқан".

Нұр-Сұлтандық полицейлер күдіктіні қолға түсіру үшін Санкт-Петербордағы әріптестерімен бірлесе жұмыс жүргізген.

Ол қазір Санкт-Петербор қаласындаүы уақытша оқшаулағышта қамауда отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі шешілуде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров