Екі туристің денесі табылды (видео)

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Бүгін 29 мамыр күні жоғалып кеткен студентердің екеуінің өлі денесі табылды, деп хабарлайды "Экспресс К" ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марқұмдардың денесі "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен Шымкент қаласына жеткізілді. Қалған екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Әуеде ТЖМ 2 бірдей тікұшағы аумақты бақылауға алған. Ал жердегі іздестіруді құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің атты патрулі, ұлттық парк қызметкерлері мен жоғалғандардың туыстарынан құралған топ мүшелері жүргізуде.

Бұл іс бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптамалар тағайындалып, оның қорытындысына сәйкес кісі өлімінің себебі анықталмақ.

"Экспресс К" бұған дейін Түркістан облысы аумағындағы "Сайрам-Өгем" МҰТП аумағында 7 адамның жоғалып кеткендігі туралы ақпарат берген болатын. Олардың 3-еуі күні кеше аман-есен табылды. Қалған 4-еуі іздестірілу әрі қарай жалғасып жатқан. Өкінішке қарай бүгін 2-еуінің мәйіті табылды. Ал қалған екеуі бойынша әзірге нақты дерек жоқ.

18.34 Бүгін біз екі студентіміздің қайғылы қазасы туралы бiлгенiмiздi өкінішпен хабарлаймыз. Олар Түркістан облысының тауларына шыққан, жеті адамнан тұратын саяхатшылар тобының құрамында болды. Басқа саяхатшылардың қай жерде екені белгісіз. Біз студенттеріміздің отбасыларына, туған-туыстарына және достарына шын жүректен көңіл айтамыз. Назарбаев Университеті өз тарапынан қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек пен қолдауды көрсетеді. Бұл бәріміз үшін қайғылы күн. Топтың қалған мүшелері тезірек табылады деп үміттенеміз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров