Алматы облысы

Шарын шатқалында қайғылы оқиға орын алды

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалының төменгі бөлігінде лай балшық ағып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Белгілі болғандай 6 адам жарақат алып, 2 адам қайтыс болды, оның біреуі кәмелетке толмаған.

1 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды "Экспресс К". ҚР Төтенше жағдайлар министрі баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.

Зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсетілді, із-түзсіз жоғалғандарды іздеу-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.

Оқиғаға ауа-райының күрт өзгеруі себеп болған (бұршақ пен қоса қысқа мерзімді қатты нөсер жаңбыр, шамамен 15 минутқа созылған).

ТЖДТЖД
ТЖД

Оқиға орнында, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 31 қызметкері және 8 бірлік техника, 4 жедел жәрдем көлігі, 6 жұмысшы мен жергілікті атқарушы билік өкілдері мен полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

Дәл қазіргі сәтте ақпарат нақтылануда.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды, 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18 телефондары арқылы хабар алуға болады. Және психологиялық қолдау үшін сенім телефоны ұйымдастырылды.

ТЖДТЖД
ТЖД

Қосымша ақпараттар алдағы уақытта тағы да жарияланатын болады.

деді ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің жетекшісі Талғат Уәли.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров