Қазақстан Италияны ойсырата жеңді. Есеп 11-3

Экспресс К

wc2021.ligasy.kz / © Ольга БУГАЕВА

Бүгін біздің команда шайбалы хоккейден 2021 жылғы Әлем чемпионатында Италия хоккейшілерімен кездесті, деп хабарлайды "Экспресс К".

Жігіттер италиялықтардың жігерін құм қылып жібергендей болды. Бақандай 8 гол айырмашылықпен басымдық таныттық.

Қарсыластың қақпасына 11 мәрте шайба кіргізген төмендегі ойыншыларға мың алғыс. Олар — Старченко мен Лихотников, екі голдан соқса Петухов, Рымарев, Михайлис, Волк, Диц, Сведберг және Шалаповтар есепті еселей түсті.

wc2021.ligasy.kz / © Ольга БУГАЕВАwc2021.ligasy.kz / © Ольга БУГАЕВА
wc2021.ligasy.kz / © Ольга БУГАЕВА

Айта кетерлігі Италиялық хоккейшілер турнирде әлі бірде-бір жеңіске жеткен жоқ.

Қазақстан осылайша жалпы есепте 10 ұпай жинады.

wc2021.ligasy.kz / © Ольга БУГАЕВАwc2021.ligasy.kz / © Ольга БУГАЕВА
wc2021.ligasy.kz / © Ольга БУГАЕВА

Келесі ойында жерлестеріміз Норвегия құрамасымен кездеседі.

Кеше біздің команда канадалық хоккейшілерден 2: 4 есебімен жеңіліп қалған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров