Түркістан облысы

ТЖД: Олар табылмайынша іздеу жұмыстары тоқтамайды

Экспресс К

ТЖД

Тау арасын білмегендік, туристерге жол көрсетіп жүретін адамның болмауы қайғылы жағдайға алып келді, оның салдарынан екі студент қайтыс болып, екеуі жоғалып кетті, деп хабарлайды «Экспресс К».

— Жігіттердің қолында нақты бағыт-бағдар болмады, тіпті тауды жақсы білетін тәжірибелі адам да ермеген, сондықтан олар алда қандай қауіп-қатер боларын білмеді, — дейді Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов "Экпсресс К" тілшісіне. — Мен аман қалған балалардан сұрадым: тауға қалай баруға шешім қабылдадыңыздар, кім ол жақа баруға кеңес берді? Бұған олар YouTube-тен қарап, онда көрсетілген тау шатқалын өз бетітерінше жүруге бел буғандарын айтады. Нәтижесінде, екі адам қайтыс болды, біз әлі екеуін іздеп жатырмыз, ал табылған үш жігіт қапаста қалып қойды, олар өз бетінше шыға алмас еді. Олар табылған жердің бір беті ағысы қатты өзен болса, бір жағы тік жартас. Сондықтан тікұшақ онда барғанға дейін үш күн сонда түнеген.

Екінші топ туралы айтар болсақ, екі жігіт — Ақтөбе тұрғыны Әлімжан Хайруллин мен Кентаудың тумасы Абылай Тоқтасынның сүйегі табылды. Құтқарылған жігіттердің айтуынша, олар бөлек алға шығып кеткен.

— Үш жігіттің айтуынша, 25-і күні кешкі сағат 5-тер кезінде олар артта қалыпты, себебі араларында біреуі өзін нашар сезінген.

дейді Нұрғали Жүнсіов.

— Осыдан кейін төртеуі бөлектеніп көмек сұрауға кеткен. Үшеуі сонда күте тұрмақ болған. Олардың сөзінше жолдастары қалай және қандай жағдайда қайтыс болды, еш хабарсыз.

Жоғалған жігіттерді іздеу қараңғы батқанша жалғасады. Негізгі іздестіру тобы Өгем өзені бойын тегіс қарап шығады. Іздеуге қатысып жатқан адамдардың басым бөлігі тауда түнеп, таңертең ерте қайта жұмыстарына кіріседі.

— Біз ол жақа шатырлар мен азық-түлік жібердік.

деді ТЖД басшысы.

— Сонда іздеу тобы тамақтанып, түнемеге тынығады ал, таң азанда іздеу жұмыстарын жалғастырады. Өзенді жағалай Өзбекстанның шекарасына дейін баратын болады. Олар табылмайынша іздеу тоқтамайды.

Тағы бір топ адам таудың жоғарғы жағында іздеу жұмыстарын жалғастырады. Бүгін түстен кейін тікұшақпен тауға жеткізілген жеті адамда тепловизор бар, түнемеге іздеуді жалғастырмақ ниетте. Құтқарушылар Нұрдәулет Наурызбайды (Атырау) және Қуаныш Тоқтасынды (Кентау) тірі табамыз деген үмітте.

Төлеби өңіріндегі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында 7 адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама 25 мамырда сағат 18: 30-да келіп түсті. 21 мамырда туристер жаяу Сары-Айғыр шатқалына барып 24 мамырда қайтып оралуы тиіс еді. Жоғалғандардың үшеуі кеше табылған еді.

Бүгін жоғалғандардың екеуінің денесі табылған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров