Қарағандыда үш автокөлік пен монша өртенді


Бейнеден кадр
Қарағандыда қалада орналасқан моншалардың бірінде өрт шықты. От жалыны сонымен қатар ғимарат жанындағы үй мен 3 көлікті де шарпыды. Өрт сөндірушілер 5 адамды құтқарды, деп хабарлайды "Экспресс К" ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Ермеков көшесінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама сағат 21:58-де түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде "Кедр" моншасының ғимаратын жалын шарпығанын байқады. Жалын ғимаратқа іргелес орналасқан үй мен жақын маңдағы 3 көлікті де шарпыған.
Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 13 техника мен 50 адам жұмылдырылды. Ғимараттан 5 адам құтқарылды. Сағат 22:40-та өрт сөндрілді. Оқиға салдарын жою жұмыстары жалғасуда.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жалын ғимараттың 300 шаршы метр аумағын қамтыған.