Найзағай түсіп, мал қора мен 125 тонна пішен жанып кетті


pixabay.com
Батыс Қазақстанда найзағай түсіп, мал қорасы мен 125 тонна пішен жанып кетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 28 мамыр күні сағат 20.20-да Тасқала ауданындағы шаруа қожалығының бірінде болған.
Қазақпараттың жаузынша найзағай түсіп, аумағы 770 шаршы метр мал тұратын базаның шатыры мен соған жапсарлас үйілген 125 тонна пішен өртенді. Оған қоса қора ішіндегі 3 тонна арпа отқа оранды.
Өртті сөндіруге төтенше жағдай департаментінен 7 қызметкер, 2 техника және еріктілер жабылған. Өрт бірнеше сағат ішінде толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.