Қазақстан

Қазақстандық Батыр алғаш рет жеңіліске ұшырады

Экспресс К

prosports.kz

Бүгін Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Калифорния штатының Карсон қаласында жекпе-жек өткізді. Ол бірінші жартылай орта салмақтағы айқаста Пуэрто-Рикодан келген Сабриэль Матиаспен (16-1, 16 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды "Экспресс К".

Жекпе жек 12 раундқа жоспарланған. Алайда, 9-шы раунда жерлесіміз жекпе-жекті әрі қарай жалғастырмайтыны белгілі болды. Ол осы кездесудің 4 -ші раундында нокдаун алған болатын. Осылайша, өкінішке орай Батырдың кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі тіркелді.

Ал, қарсыласы Сабриель Матиас өзінің 17-ші жеңісіне қол жеткізді. Талаптарға сәйкес ол IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізуге бір табан жақындай түсті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров