Әскери госпитальдің бастығы тұтқындалды

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Кеше кешкісін ҚР Қорғаныс министрлігінің тағы бір офицері күдікті ретінде ұсталды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Семей қаласындағы әскери госпиталдің бастығы Дулат Құрметовті тұтқындаған, деп хабарлайды "Экспресс К". Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Ғани Нүсіпов журналистерге мәлімдеме жасады.

"2021 жылдың 29 мамырында құқық қорғау органдары Семей қаласындағы әскери госпиталдің бастығы, медицина қызметінің подполковнигі Дулат Құрметовті ұстады. Басқа мәлімет тергеу мүддесі үшін құпия сақталады"- деп атап өтті ол. Содан бір күн бұрын яғни 28-мамыр күні Қазақстан Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаруландыру бөлімінің бастығы, полковник Асылбек Сатвалдиновтың де тұтқындалғаны туралы ақпарат шыққан болатын. Бұл деректі де сол күні Министрлік өкілдері растаған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров