Шарын шатқалындағы лай көшкіні: жоғалған оқушы табылды

Экспресс К

Алматы облысы ТЖД

Кешегі Шарын шатқалында болған оқыс оқиғада жоғалып кеткен бір қыз бүгін табылды. Қыз баланы құтқарушылар сағат 9:34 шамасында оқиға орнынан 3-4 шақырым жерден тапты.(шатқалдың биіктігі 800 м-ден 1500 м-ге дейін. Өзен бойындағы осы тұстағы жағалау жартасты және өтуі қиын жер болып саналады).

Қазіргі уақытта Алматы облысы ТЖД және РЖҚЖ құтқарушылары дәрігерге дейінгі Алғашқы медициналық көмек көрсетуде. Алдын- ала мәлімет бойынша қыз бала жарақат алған, жағдайы орташа. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды "Экспресс К".

Қазіргі уақытта зардап шеккен 2010 жылғы туылған қыз баланы "Қазавиақұтқару" АҚ авиациялық техникасын пайдалана отырып, білікті медициналық көмек көрсету үшін Алматы қаласының медициналық мекемесіне жеткізу мәселесі қарастырылуда.

Алматы облысы ТЖДАлматы облысы ТЖД
Алматы облысы ТЖД

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД күштері мен құралдары оның ішінде 35 қызметкері және 1 жүзу құралы, 10 бірлік техника жұмылдырылған. Және АПБ-ның 20 қызметкері және 4 бірлік техникасы, Алматы қ. РЖҚЖ -ның 11 құтқарушысы және 3 із кесуші арнайы үйретілген ит және 1 бірлік техникасы да тартылған.

"Шарын шатқалы" МҰТП 20 қызметкері, 3 бірлік техникасы ЖАО-нан 5 адам 1 бірлік техника құтқару шараларын жүзеге асыруда.

Естеріңізге сала кетейік, 29 мамыр күні сағат 13:35-те Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалының төменгі бөлігінде орын алған батпақты-сел қыз баланы ағызып кеткен болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров