Түркістан облыстық ТЖД: Іздестіру шаралары жалғасуда

Экспресс К

ТЖД

Түркістан облысында жоғалып кеткен студенттерді іздеу операциясы жалғасуда. Жоғалған 7 туристің 2-еуі кеше түні бойы іздестірілгенімен әлі нәтиже болмай тұр деп хабарлайды «Экспресс К».

Облыстық ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісовтің айтуынша — қазір тауда төтенше жағдайлар департаментінің кәсіби құтқарушылары, орманшылар мен полиция қызметкерлері нен құралған 60 қа жуық адам іздестіруді жалғастыруда.

ТЖДТЖД
ТЖД

Бұған қоса альпинистерден құралған қосымша топ шатқалдың ең қиын тұстарын қамтуда.

Бірақ әзірге ешқандай нәтиже жоқ.

Нұрғали Жүнісовтің айтуынша "Казавиақұтқару"қызметінің екі тікұшағы даяр, күн бұлтты болғандықтан әзірге ұшуға мүмкіндік болмай тұр.

Мамандар жоғалған екеуді аман-есен күйінде табуға барын салып жатыр. Әлі де болса оларды тірідей табудан үмітімізді үзген жоқпыз дейді. Және іздестіру шараларына ұшқышсыз дрондарды да пайдаланып жатыр. Өкінішке қарай әлі қандай да бір нәтиже жоқ.

ТЖДТЖД
ТЖД

Кеше Түркістан облыстық ПД сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, қаза болған екі адамның денелерін туыстарына көрсеткен болатын. Олардың бірі Әлімжан Хайруллинді туған бауыры, ал Абылай Тоқтасынды ата-анасы өз баласы екендігін растады. Қазір полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров