Шарын шатқалынан табылған жеткіншек Боралдай ауылына жеткізілді


ТЖД
Төтенше жағдай министрлігінің тікұшағы Алматы іргесіндегі Боралдайға қонды. Оның бортында жоғалған мектеп оқушысы мен анасы бірге келді. Шарын шатқалында лай көшкіні кезінде хабарсыз кеткен Зере Бейсенбай бүгін есен-сау табылған еді.
Жасөспірім қыздың атасы мен әкесі қыздарының аман-есен табылғанына қуанып, қуаныштан көздеріне жас іркіліп, іздеуге жұмылған кұш-құрылым азаматтарына алғыс айтты.