Жерлесіміз алтын медаль жеңіп алды

Экспресс К

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстандық жас спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды "Экспресс К" Olympic.kz.-ке сілтеме жасап.

Осы күндері Ташкентте ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Онда ел намысын қорғап жатқан спортшыларымыздың ішінен алғашқы болып, Рахат Бекболат чемпион атанды. Ол 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырына көтерілді.

Рахат қоссайыс қорытындысы бойынша 377 (175+202) келіні бағындырған. Одан кейін 370 келіні бағындырған болгариялық ауыр атлет Васил Маринов күміс алса, Грузиялық Заза Ломтадзе 351 келіні көтеріп, қола медаль иеленді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров