Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынында әзірге 4 алтын


Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі / Римма Волосенко
Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Дубай қаласында бокстан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері басталды.
Бүгін қыздар арасында жеңімпаздар анықталып жатыр, деп хабарлайды "Экспресс К" Olympic.kz.-ке сілтеме жасап.
Қазақстан сапынан алғаш болып шаршы алаңға шыққан Алуа Балқыбекова біріншіліктің алтын жүлдегері атанды. Ол финалда өзбекстандық Гүлсая Сұлтанәлиеваны жеңді.


54 келіде сынға түскен Дина Жоламан өзбекстандық Ситора Шогдарованы жеңді.


51 келідегі Назым Қызайбай финалда әлемнің алты дүркін чемпионы, үндістандық Мэри Комды жеңді. Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Назымға берген.


64 келіде жұдырықтасқан Римма Волосенко индонезиялық қарсыласы Хусватун Хасанды жеңді. Қазақстандық спортшы қарсыласын бірінші раундта екі рет нокдаунға жіберген соң төрешілер жекпе-жекті уақытынан бұрын тоқтатты.
Осылайша, Қазақстан командасының қоржынындағы алтындар саны төртке жетті.
Бөлісу