Тауда жоғалып кеткен студенттерді іздеуге Өзбекстан тарапы да қосылады

Экспресс К

©ЭК/Ирина ГАЛУШКО

Ертең, яғни дүйсенбіден бастап көрші Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Батыс Тянь-Шань бөктерінде жоғалып кеткендерді іздеуге қосылды.

— Балалар қайтыс болған жағдайда олардың денелері өзен ағысымен Өзбекстан Республикасының аумағына өтіп кетуі ықтимал, — деді Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов "Экспресс К" тілшісіне берген сұхбатында.

— Сондықтан ертеңнен бастап көрші елдегі әріптестеріміз іздеу жұмысына қосылады. Мұндай төтенше жағдайлар кезінде келісілген екі жақты қарым-қатынас бар.

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Өгем өзенінің арнасымен Чарвак су қоймасына құяр сағасына дейін жүріп өтпек. Бұл шамамен 18 шақырым.

дейді Нұрғали Жүнісов.

Бүгінгі іздеу жұмыстары еш нәтиже бермеді. Іздеу жүріп жатқан аумақ нақты белгілі, ол топтық қай бағытты бетке алғандары анық. Құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекарашылар, ұлттық парктің қызметкерлері, сондай-ақ альпинистер тобы Өгем және Айғыр-Жақтан өзендерінің бойындағы аумақты тегіс сүзіп шықты. Осы аумақта қайтыс болған алғашқы студенттің денесі, ал екіншісінің денесі сол жерден 2 шақырым қашықтықта Өгем өзненінің төменгі сағасынан табылды. Іздеу тобы қазақ-өзбек шекарасына дейін жетіп, қайтар жолды тағы мұқият қарап келді.

Түстер кезінде ауа-райы қолайлы бола салысымен "Қазавиқұтқару" тікұшағы тағы да көкке көтерілді. Бірақ әзірге нәтиже берген жоқ. Ертең, таңертеңнен бастап іздеу жалғасады. Құтқарушылар өзенді жағалай Өзбекстан шекарасына дейін қайта жүріп өтеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров