Жол апатынан төрт адам көз жұмды

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Қызылордада жол апатынан төрт адам қаза тауып, бір адам дене жарақатын алды, - деп хабарлайды «Экспресс К».

Оқиға 29-нан 30 — мамырға қараған түні болған. "Батыс Еуропа –Батыс Қытай" тас жолының Қызылорда облысы аумағындағы 1466 шақырымында "MAN" жүк көлігі мен "Mercedes" жеңіл көлігі соқтығысқан.

"Аталған жол көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда автомобильді басқаратын адамның жол жүру қағидаларын бұзып, абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Жол апатынан төрт адам көз жұмды, ал бір адам дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", — деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров