Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатында рекорд орнатты

Экспресс К

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатында рекорд орнатты Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы БАӘ-де өткен Азия чемпионатында үздік атанды, деп хабарлайды "Экспресс К".

КТК-ның жазуынша Қазақстандық спортшылар барлық 10 салмақта жұдырықтасып, 8 жекпе-жекте тұғырдың биігінен көтерілді. Осылайша жалпы командалық есепте бірінші орын алды.

Айта кетейік, қазақстандық құрама сапынан Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Милана Сафронова (64 келі), Валентина Хальзова (69 келі), Фариза Жолтай (81 келі) мен Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) алтын медаль алды.

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі / Ләззат КүнгейбаеваҚазақстан ҰОК баспасөз қызметі / Ләззат Күнгейбаева
Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі / Ләззат Күнгейбаева

Ал Валентина Кухта (57 келі) күміс жүлдені қанағат тұтты. Оған қоса Марина Вольнова (75 келі) ел құрамасына қола медаль сыйлады. Құрлықтық додада өзбекстандық боксшы қыздар бір алтын, бес күміс пен екі қола медаль алды. Ал үндістандық боксшылар бір алтын, үш күміс және алты қолаға қол жеткізді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров