Белгілі актер ұшақ апатынан қайтыс болды

Экспресс К

© Everett Collection / Джозеф Лара

АҚШ-та Тарзанның рөлін ойнаған актер Джозеф Лара ұшақ апатынан қаза тапты.

29 мамырда Джо Лара, әйелі Гвен және тағы екі ерлі-зайыпты опат болды, деп хабардайды "Экспресс К" РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ұшақ Теннессиден әуеге көтеріліп Флоридаға бет алған.

90-жылдардағы "Тарзан: шытырман оқиғалар", "Конан", "Малибу құтқарушылары" сияқты сериалдарда ойнаған актер әйелімен және діни қауымдастықтың басқа мүшелерімен бірге Cessna C501 ұшағына мінген. Ол Нэшвилл қаласының маңындағы көлге құлады. Ұшақта барлығы жеті адам болған және олардың ешқайсының ұшақты басқару құқығы болмаған.

Ұшақ көтерілгеннен кейін көп ұзамай құлаған, себептері әлі белгісіз. Оқиғаға байланысты тергеу басталды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров