Сарбаз өзін-өзі басынан атып көз жұмды

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Келісімшарт бойынша әскери міндетін өтеп жатқан сарбаз өзін-өзі атып өлтірді, деп хабарлайды "Экспресс К" еліміздің Ұлттық ұланы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 мамырда әскери бекетте қызметте жүрген 3477 әскери бөліміне келісім-шартпен келген сарбаз, қатардағы жауынгер Ілияс Мұратұлы Айдосов өзіне бекітілген қарумен өзінің басынан атып қайтыс болды.

деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғаны, тергеу амалдары басталды, қызметтік тергеу тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы тексерілуде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров