2 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандар ұсталды

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Теміртауда 2 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ анықталды.

Қарағанды облысының Экономикалық тергеу департаменті 3 жылда 2 млрд теңгеге жуық қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ мүшелерін құрықтады, деп хабарлайды "Экспресс К".

Теміртау қаласында 6 адамнан құралған ұйымдасқан топ жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып беру арқылы кәсіпкерлерге салық төлеуден жалтаруға көмектескен. Бұл істеріне 8 кәсіпкерлік нысанды тартқан. Нәтижесінде мемлекетке 200 млн теңге көлемінде салық төленбеді.

Қазір топ мүшелеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданып, топ жетекшісі мен сыбайластарының бірі тергеу изоляторына тоғытылды. Сонымен қатар салықтан жалтаруға қызығып сыбайластыққа жол берген кәсіпкерлерде жауапқа тартылмақ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров