Ауыз суға жететін күн алыс емес

Экспресс К

© ЭК

Маңғыстауда су тұшыту зауытының құрылысы аяқталуға жақын. Осыған байланысты жүргізілген гидросынақ сәтті өтті,- деп жазады “Экспресс-К”.

Гидросынақтан сәтті өткен 14 металл резервуарды монтаждау жұмыстары толық аяқталып, олардың бір бөлігі пайдалануға дайын.

Біз цехтер бойынша жабдықтардың бір бөлігін орнаттық. Қазір жаңадан келген жабдықты қаптамадан шығару және монтаждауды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, сыртқы қабырғалар жартылай тұрғызылды, цехтерге пластикалық терезелер орнатылды. Жұмыс жоспарға сай жүріп жатыр, — деп мәлімдеді мердігер мекеме өкілдері.

© ЭК© ЭК
© ЭК

Сондай-ақ әлемді жайлаған коронавирустық пандемия су тұшыту зауытының құрылысына өз әсерін тигізбей қоймаған.

Пандемия басталып, шекара жабылған кезде мәселелер туындады. Шекарада әртүрлі жабдықтар мен химиялық реагенттері бар 60-тан астам вагон бар. Келесі айда бәрін аламыз деген үміттеміз. Автотасымалдауға қатысты барлық машиналар шекарадан өтіп, ҚР аумағында тұр, — деп атап өтті мердігерлер.

Зауыт құрылысы толық аяқталғаннан кейін, жергілікті тұрғындар тұщы суға қол жеткізетін болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров