300-ден астам қару-жарақ тәркіленді

Диас АЛТАЙ

Әлейметтік желіден

Елімізде соңғы екі аптада заңсыз айналымнан 328 атыс қаруы тәркіленді, деп хабарлайды "Экспресс К".

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше оның 212 данасы тегіс ұңғылы қару, 38 газды қару, 9 қолдан жасалған қару, 27 травматикалық және 18 электрлі қару. Көп мөлшердегі қару-жарақ ел аумағында өтіп жатқан "Қару" жедел-алдын алу шарасы аясында тәркіленген. Нәтижесінде қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 195 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ аталған шара барысында қару-жарақ сататын 72 дүкен, 9782 фермерлік және шаруа қожалықтары мен 84490 азаматтық қару иелері тексерілді. Нәтижесінде 3196 тәртіп бұзушылық анықалды. Яғни 2404 адам қаруды сақтау және алып жүру ережесін бұзса, 792 азамат қаруды тіркеу тәртібін сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров