Алматыда жүргізушілер наразылыққа шықты (видео)

Оскар БЕК

©ЭК

1-маусымнан бастап ақылы жолдарда тариф көтеріледі деген әңгімені естіген жүк көлігінің жүргізушілері шағым айтты,-деп хабарлайды "Экспресс-к".

Жүзге жуық жүргізуші Алматы-Бішкек тас жолының бойына жиылды. Олар ертеңнен бастап ақылы жолдың әр шақырымына 37 теңгеден төленеді деген әлеуметтік желіде таралған хабардан кейін бас көтерген. Айтуларынша, мұндай мәлімет ҚазАвтоЖол мекемесінің ресми сайтында шығып, артынша жоқ болған.

Жиын өткен жерге келген ҚазАвтоЖол мекемесінің Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Өмірзақ Еренбаев әзірге байбалам салудың қажеті жоғын алға тартты. Айтуынша, 37 теңгелік тариф бекітілмеген. Ал, бір апта көлемінде жүргізушілердің шағымын қарап шығып, алаңдатқан мәселе бойынша ресми жауап берілетінін жеткізді.

Айта кетейік, жүргізушілердің мұндай наразылығы ел бойынша жүріп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров