Шардарада із-түссіз жоғалған оқушы табылды

Оскар БЕК

Бейнеден кадр

Шардара полицейлері бір тәулік ішінде жоғалып кеткен 4-сынып оқушысын аман-есен тауып алды, деп хабарлайды "Экспресс К".

Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 102 нөміріне жергілікті тұрғын түнгі 2 шамасында хабарласып, есік алдына ойнауға шыққан 11 жастағы ұлының қайта оралмағанын айтқан. Іле-шала шардаралық сақшылар баланы іздеуге бар күшін жұмылдырған. Жедел іздестіру кезінде 4-сынып оқушысы тәулік ішінде табылды.

Ойын баласын полицейлер досының үйінде ұйықтап жатқан жерінен тапқан. Қазіргі уақытта оқушы үйінде. Ұлымен аман есен қауышқан ана полиция қызметкерлеріне алғысын жеткізді.

— Кешкі сағат 20:00 шамасында баламның ойнап жүрген жерінен таппай қалдым. Ары іздеп, бері іздеп таппаған соң полицейлерге хабарластым. Ал полицейлер баламды дер кезінде тауып берді. Полиция қызметкерлеріне үлкен рақметімді айтамын.

деді анасы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров