Қарағанды

Қарағандылық жігіттер 6 жасар баланы өрттен құтқарды (видео)

Экспресс К

Бейнеден кадр

Өрт 29 мамырда Қарағанды қаласы Ермеков көшесіндегі «Кедр» моншасында болды.

Сол күні моншада болған полиция лейтенанты Шерхан Төлеухан мен оның досы Жантөлеу Егінбай өрт туралы айқайды естиді. Бастапқыда мән бермеген олар, кейін монша бөлмелеріндегі түтінді көреді.

Екеуі бірден төменгі қабаттағы заттар мен құжаттарына жүгірген. Сол кезде бұрышта жалғыз тұрған баланы байқайды. Шерхан ойланбастан, баланы көтеріп, сыртқа жүгірді.

Өрт кезінде ерлік көрсетіп, баланы құтқарып қалған Шерхан өрт жайлы былай баяндап берді:

"Шыға берісте ашық жалынмен от жана бастады, төбеден оттың қалдықтары құлады. Соған қарамастан шығар жолды тауып алдым. Жантөлеу есімді досым балаға дымқыл сүлгіні жауып, қауіпсіз жерге алып бардық. Өрт қатты жалынмен жанып жатты".

Осылайша Шерхан Толеухан өз өмірін қатерге тігіп, жанып жатқан ғимараттан баланы өрт сөндірушілер келгенге дейін аман есен алып шықты. Шерхан өзін қолға алып, баланы тыныштандырғаннан соң, баладан оның атын сұрағанын айтты. Кейін ата-анасын іздеген. Біраз уақыттан кейін әкесі келіп, ұлына қарауды өтінеді. Ал, өзі әйелі мен қызын іздеуге кеткен.

Баланың ата-анасы полицейге баласын құтқарғаны үшін алғыс айтты. Қазір баланың жағдайы жақсы, оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ.

Қарағанды облысы ТЖ департаментінің басшылығы баланың өліміне жол бермеген батыл әрекеті үшін полиция қызметкері мен оның досын марапаттауды жоспарлап отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров