Атырауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Экспресс К

© ЭК

Атырауда түрме қызметкерлері Саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалды ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп жазады «Экспресс-К».

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің және мекеме қызметкерлері мемориалға гүл шоқтарын қойып, үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ қызметкерлер Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейінде болып, музей қорындағы С.Романовтың "Коллективизация", "Ақынның өлімі", М.Қалимовтың "Қайран шешем", А.Губашевтің "Шәкәрім Құдайберді" картиналарымен танысты.

© ЭК© ЭК
© ЭК

Бұл күннің халқымыз үшін тарихи маңызы бар. Халқымыздың зиялы азаматтары — Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабай, Сәкен Сейфуллин сынды тағы да басқа арыстарымыз тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, халқымыз аштықтан, репрессиядан қырылды. Өскелең ұрпақ тарихымыздың осы ауыр кезеңін ұмытпауы керек, -деді Атырау облысы бойынша ҚАЖД бастығы Манарбек ГАБДУЛЛИН.

Еске сала кетсек, 1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен 31-мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні болып жарияланды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров