Зинедин Зидан Реалдан не үшін кетті?

Диас АЛТАЙ

© Getty images

Зидан Реалдан не үшін кеткенін бүкпесіз ашық айтты, деп хабарлайды "Экспресс К".

Корольдік клубтың экс-бас бапкері басшылық тарапынан сенім мен қолдау таппағаны үшін қызметімен қоштасыпты.

-"Мен командадан кеттім. Бірақ жаттықтырудан жалыққан жоқпын. 2018 жылдың мамыр айында да клубпен қоштасқам. Ол кезде 2,5 жыл ішінде көптеген жеңістер мен жүлделерге қол жеткізіп, команданың жоғары деңгейде қалуы үшін басқаша көзқарас керек екенін түсіндім. Қазіргі жағдай мүлде басқаша. Себебі клуб басшылары маған сенбейді, орта немесе ұзақ мерзімді жоспар жасауға ешқандай қолдау жоқ. Футболдың не екенін білемін және "Реал" сияқты клубқа не керек екенін жақсы түсінемін. Ешқандай жетістікке жетпеген кезде командадан кету керек. Бірақ жылдар бойы ойыншылармен қатынас орнатып, командадағы 150 адаммен тіл табысқан еңбегім еленбеді"-деді Зинедин Зидан.

Сондай-ақ, жұлдызды бапкер клуб президентімен ара-қатынасы туралы да айтып берді.

-"Мен клуб президентінен ешқандай да басымдық сұрамаймын тек жеткен жетістіктерім еленсе дедім. Қазір клубта жаттықтырушы екі жылдан артық тұрақтамайды. Ақпарат беттерінен: келесі ойынды жеңбесек мені жұмыстан қуамыз деген сыңайда ақпарат оқыдым. Бұл маған ауыр тиді. БАҚ беттеріне жариялаған бұл мәлімет команданың көңіл-күйіне әсер етті. Қуанышқа орай қиын кезде қасымнан табылатын футболшылар әр ойынды жеңуге тырысты. Мен мықты жаттықтырушы емеспін. Бірақ мен командаға не керек екенін жақсы білемін" деді Зидан.

Айта кетейік Франциялық бапкер 27 мамыр күні Реал клубынан кетті. Ол корольдік клубпен үш жыл қатарынан чемпиондар лигасын жеңіп алған жаттықтырушы ретінде тарихта қалды. Зинедин Зидан биыл Еуропа чемпионаты аяқталғаннан кейін Дидье Дешамның орнына Франция құрамасының жаттықтырушысы болады деген болджам бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров