Жоғалған туристерді іздеу жұмыстары қалай жүріп жатыр?


ТЖД
Түркістан облысындағы таулы аймақта жоғалған туристерді іздеу жұмыстары жалғасуда.
Бүгінгі күнге дейін іздеу жұмыстары ұзындығы 350 шақырымнан асатын тау шатқалдары бойымен жүргізілді. Пилотсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, шамамен 170 шақырым аумақ зерттелді, деп жазады "Экспресс К".
Төтеншеліктердің хабарлауынша, "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшақтарымен аэровизуальды барлау жасалды. Жалпы 2 мыңнан астам шақырым жер әуеден тексерілді.


Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД, ПД, жергілікті атқарушы органдардан, ҰҚК Шекара қызметінен, ІІМ Ұлттық гвардиясынан, Ұлттық парктен, Альпинизм федерациясынан 218 адам, 32 техника, 3 пилотсыз ұшу аппараты, ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ 2 тікұшағы және туыстары жұмылдырылған.


Айта кету керек, Өзбекстан ТЖМ құтқарушылары Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен туристерді іздестіруге тартылған.
Сайрам-Өгем шатқалында жоғалып кеткен екі туристті іздеу жұмыстары жалғасуда. Таулы рельефтердің болуы және өзендердің қатты ағысы іздеу жұмыстарын жүргізуде қиындық туғызып жатыр.