Еліміздегі азап лагерлерінде қанша адам құрбан болды?

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Жыл сайын 31 мамырды бүкіл қазақ елі «Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» ретінде атап өтеді. Кеңестік ииперия құрамында болған 70 жылда Қазақ халқы «қызыл террордың» бірнеше кезеңін бастан өткізді.

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Соның ішінде ашарлық пен саяси қуғын-сүргін қазақты қынадай қырғаны тарихи қасірет. Ресми құжаттардың көпшілігінің көзі әдейілеп жойылып, көп жайт бәймәлім қалғанымен, бұған "Карлаг" пен "Алжир" дәлел. Бұл ғана емес еліміздің аумағында 11 еңбекпен түзеу лагері болды. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қасірет мекені атаған "Карлаг" пен "Алжирде" кеңестік жүйенің шексіз қатігездігін келер ұрпақ жадында мәңгі сақтап тұратын тарихи мемориалды кешендер ашылды.

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Тек саяси көзқарастары үшін қазақстандық 103 мың адам сотталып, оның 25 мыңы ату жазасына кесілді. ГУЛАГ-қарасты 11 лагерде КСРО-ның 5 миллионнан астам азаматы, қуғын-сүргінге ұшырағандар мен олардың отбасы мүшелері болды.

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Қаpлагта 1933 жылы — 20976, 1934 жылы — 19293, 1936 жылы — 11062, 1938 жылы — 10776, 1939 жылы — 12079, 1940 жылы — 13085 әйел болған екен. Егеp олаpдың саны сол кезде бipтiндеп кемiсе, ақталып босап кетпеген, керісінше атылған, аштық пен індеттен өлген.

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Ал "Алжирде" (Отанын сатқандаp әйелдеpiнiң Ақмола лагеpi) нақты қанша әйел жапа шеккенi тypалы деpектеp әpтүpлi. Тарихшылардың кейбір дерекктерінде 7 мың әйел болды деп айтылады. Бұлаpдың дені саясат және қоғам қайpаткеpлеpі, өнеp-мәдениет, білім-ғылым қайраткерлерінің қосағы.

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Оларға сарыарқаның саpы аязында адам төзгісіз жағдайда жұмыс істеді. Себепсіз соққыға жығылып, зорлық-зомбылықтың сан түріне тап болды. Көпшілігі осы түрмелерде жан тапсырды. Осылайша тарихи қасipет 4 миллиондай қазақстандықтаpдың өмipiне өзгеpiс әкелдi. Жүз жиыpма мың отандасымызға "Халық жаyы" деген жалған айып тағылды. Олардың әйелдері, жақын туыстары мен балалары да жазадан тыс қалған жоқ. "Халық жауының туысы" деген қаракүйе жағылып қоғамнан әбден теперіш көрді. Ересектердің көбі 5-8 жылға дейін сотталды, сәбилер жетімдер үйіне еріксіз жіберілді.

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Қазір осы тарихтың шет жағасын мұражайлар мен тарихи мемориалды кешендерден көруге болады. Бұл сол бір орасан оқ қасірет туралы деректерді зерттеу, кеңейту және толықтыру, қаза болғандарды есте мәңгілік сақтау, елі үшін құрбан болған арыстарымызға көрсетілген құрмет, тағзым. Сонымен қатар Президент Жарлығымен құрылған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия былтырдан бері осы бағытта тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр.

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров