1300 данадан аса психотроптық препарат тәркіленді

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Атырауда 2 медицина қызметкері 1300 данадан аса психотроптық препараттарды заңсыз сақтап келген.

Бұл дерек "Дәрмек" жедел-алдын алу шарасы кезінде анықталды, деп хабарлайды "Экспресс К"

Облыстық ПД баспасөз қызметінің айтуынша 2 медицина қызметкерінен 1280 дана "Трамадол" және 69 дана "Тропикамед"тәркіленді.

Сонымен қатар 22 жастағы тағы бірқала тұрғыны 58 дана "Трамадол" және 31 дана "Трапикамед" дәрі-дәрмегімен ұсталды. Бұл азамат тиым салынған препараттарды қала көшелерінде емін-еркін сатып жүргенге ұқсайды.

Қазіргі уақытта оларды жауапкершілікке тарту үшін жинақталған іс-құжаттар Атырау облысы Жергілікті полиция қызметі басқармасы мен облыстық Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне жолданды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров