Қазақстан

Президент Қ. Тоқаев боксшы қыздарды құттықтады

Экспресс К

facebook.com / Берік Уәли

Мемлекет басшысы Дубайда бокстан өткен Азия чемпионатында жүлдегер атанған боксшы аруларымызды құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды «Экспресс К».

"Құрлықтың ең мықты спортшылары жиналған байрақты бәйгеде Қазақстанның қыздар құрамасы ел мерейін асқақтатты. Олар қоржынымызға 10 жүлде, соның ішінде 8 алтын медаль салды. Осы тарихи жеңістеріңізді Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына жасалған тамаша тарту деп санаймын", — делінген құттықтауда.

Президент боксшы қыздарымыздың алдағы сайыстарда да биік тұғырдан көріне беретініне сенім артып, толағай табыс тіледі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров