Ғасыр жасаған кейуана коронавирусты жеңіп шықты

Экспресс К

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Түркістан облысы, Леңгір қаласының 99 жастағы тұрғыны Капустина Александра Петровна коронавирус диагнозымен ауруханаға түскен. Дене қызуы көтеріліп, өкпесі қабынған Ұлы Отан соғысының ардагеріне дәрігерлер екі жақты полисегментарлы пневмония диогнозын қойған болатын, деп хабарлайды «Экспресс К».

Екі апта бойы ем дом алып, дәргірелердің бақылауында болған кейуана ауруынан құлан таза айықты. Тіпті жасанды дем беру аппараты да қажет болмапты. Ғасыр куәгерін аурухана дәрігерлері қошаметпен шығарып салды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров