Шарындағы оқиға: екі министрлік түсініктеме берді

Экспресс К

©ЭК/Лариса ШТОППЕЛЬ

«Қазгидромет» Алматы мен Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментін сел жүретіні туралы ескертпеген, деп хабарлайды «Экспресс К»

Шарын шатқалындағы екі адамның өліміне қатысты жағдайды Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов түсіндірді.

Ол тауға шыққан туристер ұялы байланыс бүкіл жерде ұстамайтынына дайын болуы керектігін ескерте келе: "Шарын шатқалы мен оның ойпаты сел қауіпі басым аумақтар қатарында емес. Ол жерде ТЖМ "Қазселденқорғау" бөлімшесі жоқ. Алматы мен Алматы облысы бойынша Төтенше жағдай департаментіне де Қазгидрометтен сел жүретіні туралы ескерту болған жоқ", — деді.

Сондай-ақ шатқалда сел емес, нөсер жауын салдарынан су мен балшық ағыны түзілгенін түсіндіре келе, куәгерлердің ұялы телефондары байланыс аясынан тыс жерде болғандықтан құтқарушыларға дер кезінде хабар бере алмағаны туралы ақпаратқа тоқалды.

Байланыс туралы айтатын болсақ, иә, біздің таулы аудандарда байланыс барлық жерде бола бермейді, біз мұны түсінуіміз керек. Мұнда туристерді міндетті сақтандыру туралы заңға сәйкес туроператор қамқорлығына алуы қажет еді.

деді ол.

Сонымен қатар ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев, оқиғаға байланысты тергеу жүргізіл жатқанын айтты.

"Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Алматы облыстық полиция департаменті бұл сапарды "Раджаби" ЖШС туристік агенттігі ұйымдастырғанын анықтағандығын ғана айта аламыз. Туристер құрамында Алматының №199 мектептің 5 сыныбында оқитын 8 оқушы, 5 ата-ана және 3 мұғалім болған. Бұл саяхат мектеп әкімшілігімен келісілмеген", — деді комитет төрағасы.

Оның атап өтуінше, демалыс және саяхат өткізу жөніндегі әдістемелік құралға сәйкес, қауіпсіздік техникасы ережелері көзделген, сонымен қатар балалар тобымен ілесіп жүретін нұсқаушы болуы тиіс.

Есенғазы Иманғалиев осы қайғылы оқиға байланысты министр ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысын жарияланғандығын атап өтті.

Еске сала кетсек, 29 мамыр сағат 13:35-те Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам қайтыс болып, тағы бір оқушы жоғалып кеткен еді. 30 мамыр сағат 7:50-де 11 жастағы қыз баланы ұлттық табиғи парк қызметкерлері тауып, құтқарушыларға тапсырған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров