Ақтөбе мен Шымкентте тауда қайтыс болған қос студентпен қоштасты

Экспресс К

vk.com

Бүгін Ақтөбеде Назарбаев Университетінің үшінші курс студенті Әлімжан Хайруллинді ақтық сапарға шығарып салды. Кеше Шымкентте сол университетте төртінші курста оқыған Абылай Тоқтасынды жерлеу рәсімі өткен, деп хабарлайды «Экспресс К» «Назарбаев Университеті» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар университет ішіндегі Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінде оқыған. Абылай Тоқтасын компьютер ғылым бойынша білім алатын, Әлімжан Хайруллин — химиялық инженерия саласында оқыған. Екеуі де жақсы оқитын деп мәлімдейді университеттің баспасөз қызметі.

26 мамырда Түркістан облысының тауларында жоғалған жеті туристі іздеу жұмыстары басталды, оның алтауы –"Назарбаев университетінің" студенттері. Олар келісілген орынға уақытылы келмеген. Кәсіби альпинистер, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары, соның ішінде "Қазәуеқұтқару" тікұшақтары ауқымды іздестіру шараларына жұмылдырылды. Өткен жұмада түске таман Өгем өзенінің шетінде үш студент аман шықты. Әрі қарай іздеу барысында Абылай Тоқтасын мен Әлімжан Хайруллиннің денелері тау өзенінен табылды. Қалған екі жігітті іздеу жалғасып жатыр. Дүйсенбіден бастап Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігі де іздеу жұмыстарына қосылғанын айта кету керек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров