Қытай демографиялық өсімге мән бере бастады

Экспресс К

© Reuters

Қытайдың саяси бюросы елдегі бала тууға шектеу қою туралы саясатына өзгеріс енгізуді мақұлдады.

Бюро отырысына ел басшысы Си Цзиньпин өзі төрағалық етті. Бұдан былай Қытайда ерлі-зайыптыларға бала санын үшке дейін жеткізуге рұхсат беріледі-деп хабарлайды "Экспресс К".

Reuters ақпарат агенттігі берген мәлімет бойынша, көрші елдің билігі жаңа шешімді халықтың тез қартаю мәселесін ескере отырып, елдің демографиясын жақсартуға ықпал ету мақсатында қабылдап отырған көрінеді.

Алайда, әлеуметтік желілерде бұл саясатқа наразылық білдіріп жазба қалдырып жатқандар да бар.

Мысалы: "Егер сіз маған 5 миллион юань (785 650 АҚШ доллары) берсеңіз, мен үш балалы болуға дайынмын", — деп жазды Weibo әлеуметтік желісін қолданушыларының бірі.

Қытайда, "бір отбасы — бір бала" саясаты 1979 жылдан 2015 жылға дейін қолданылған. Ал 2016 жылдан бері ел билігі бұл шектеулерді жеңілдетіп, әрбір отбасыға екі балаға дейін рұқсат берген еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров