Сооронбай Жээнбековтің туған бауыры қамауға алынды

Оскар БЕК

© Sputnik / Өмірбек Бабанов / Асылбек Жээнбеков

Қырғызстанда экс-президенттің  інісі мен экс-премьер ұсталды, деп хабарлайды "Экспресс К".

Құмтөр алтын кеніне қатысты іс аясында Жоғарғы кеңестің экс-спикері Асылбек Жээнбеков тұтқындалды. Экс-президенттің бауырына жемқорлық дерегі бойынша айып тағылып отыр. Дәл осы бап бойынша бұрынғы депутат Торобай Зулпукаровтың қолына кісен салынып, тергеліп жатыр.

ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиевтің айтуынша, Құмтөр алтын кеніне тұтқындау мұнымен тоқталмай, әлі бірнеше адам тергелуі мүмкін.

Осыған дейін Құмтөр ісі бойынша экс-премьер Өмірбек Бабановтың ұсталғаны хабарланған еді. Енді іле-шала жаңа тұтқындаулар туралы құзырлы орган ресми ақпарат таратуда.

ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиевтің айтуынша, Құмтөр алтын кеніне тұтқындау мұнымен тоқталмай, әлі бірнеше адам тергелуі мүмкін.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров