Тоқаев ДДСҰ ассамблеясында үндеу жасайды

Экспресс К

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының жабылу салтанатында видео үндеу жасайды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды «Экспресс К».

"Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 19:00-ден кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 74-ші сессиясының жабылу салтанатында видео үндеу жасайды.

24 мамыр мен 1 маусым аралығында өтіп жатқан шараға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше 194 мемлекеттің делегаттары қатысып жатыр. Сессияның негізгі тақырыбы "Қазіргі пандемияның аяқталуы және алдағы індеттердің алдын алу: тиімді, қауіпсіз әрі бейбіт әлемді бірлесіп құру", — деп жазды Берік Уәли.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров