Жеке тұрғын үй ауласын жалын шарпыды (видео)

Экспресс К

ТЖД

Қызылордада тұрғын үй ауласынан өрт шығып, бір адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды "Экспресс К"

Өрт таңертеңгі сағат 10. 00 шамасында басталған. Куәгерлердің айтуынша, от үй ауласында тұрған жанар жағармай таситын машинадан тұтанған.

"Өрт болып жатқаны туралы хабарлама таңертеңгі сағат 10.12 минутта түсті. Өртке қарсы қызметінен 13 қызметкер, 4техника жіберілді. Өрт бір жарым сағатта толық сөндірілді. Анықталғандай, тұрғын үй ауласындағы 100 шаршы метрді құрайтын құрылыс жанып кеткен. Сонымен бірге аулада дизель отыны бар сыйымдылығы 4 тонна болатын жанар жағар май тасымалдайтын техника және құрылыс ішінде тағы 2 тонна дизель отыны мен 4 тонна Ай-92 жанар жағар майы болған. Көрші үйдің сарайы мен банясына да өрт тиген",-дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Жалын күшті болғандықтан, жапсарлас орналасқан үйдің тұрғындары да қауіпсіз жерге көшіріліп, тұрмыстық заттары сыртқа шығарылды.

Өрттен денесінің 60 процентін күйік шалған 22 жастағы тұрғын облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров