Disney компаниясы балаларды алдаған жоқ

Экспресс К

Pixabay

“Халықаралық балаларды қорғау күніне” орай қазақстандықтарға ақшалай сыйлықтар береді”-кибералаяқтар осындай жалған ақпарат таратқан-деп хабарлайды "Экспресс К".

Сауалнамаға жауап берсеңіз болды, ақшалай сыйлыққа қарық боласыз.

Алайда, аты аталған Disney компаниясы мұндай акциялар жарияламаған. Бұл кәнігі алаяқтардың кезекті алдау ісі екені анықталып отыр. Компанияның ресми сайттарында бұл туралы ешқандай мәлімет жоқ. Бұл "Фишинг" деп аталатын алаяқтықтың бір түрі. Сілтеме арқылы қорғалмаған сайтқа кірген адам өзінің жеке деректері мен төлем карталары және интернет әмияндарының кибералаяқтардың қолына түсуіне мүмкіндік беріп қояды. Жалған ұйымдастырған сауалнаманың жауаптарын алаяқтар еш қиындықсыз көріп өз "пайдаларына" жарата алады. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жалған хабарламалар таратылуы елімізде бірінші рет емес көрінеді.

АҚШ-та Colonial Pipeline-ға жасалған кибер шабуылдан кейін елдегі жанармай бағасы 2014 жылдан кейінгі рекордтық деңгейге жеткен болатын. Colonial Pipeline осы шабуылдың кесірінен жұмысын тоқтатқан компьютерлік жүйесін қайта қалпына келтіру үшін хакерлерге 5 миллион теңге төлеуге мәжбүр болған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров